• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №551 

445 рет
көрсетілді

2014 жылғы 22 тамыз, Астана қаласы Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды; 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте «Әділет» ақпараттық құқытық жүйесіне және ресми ақпараттық бұқаралық құралдарына жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін. 4. Осы бұйрық жариялануға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. Министр полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы №551 бұйрығымен бекітілді Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидалары Жалпы ережелер 1. Осы сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әр – ҚАЖ) мекемелеріне жіберу қағидалары Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі – ҚАК) 90-бабының талаптарына сәйкес сотталғандарды ҚАЖ мекемелеріне (бұдан әрі – мекемелер) жазасын өтеу үшін жіберу тәртібін айқындайды. 2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) жазбаша нұсқауы (нарядтары) негізінде жүзеге асырылады. қауіпсіздігі аралас мекемеден мекемеге жіберу тек ҚАЖ комитетінің нұсқаулары бойынша жүзеге асырылады. 3. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар олардың түзелуіне қажетті жағдайларды, әлеуметтік пайдалы байланыстарды ұстауды, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және олардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуды ескере отырып, мекемеге жіберіледі. 4. Сотталғанды жазасын өтеу үшін басқа облыстың тиісті режим түріндегі мекемесіне жіберу ҚАК-ның 88-бабының 3-бөлігінде көзделген жағдайларда ҚАЖ уәкілетті органының шешімі бойынша рұқсат беріледі. 5. ҚАК-ның 17-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАЖ-дың аумақтық органдары сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы аумақтық органға бекіткен мекемелерге жібереді. 6. Сотталғандарды мекемелерге жіберу ҚАЖ комитетінің нұсқаулары (нарядтары) бойынша жүзеге асырылады. 7. ҚАЖ комитетінің нұсқаулары (нарядтары) бойынша мекемелерге жіберілген сотталғандар одан әрі оның (ҚАЖ комитетінің) рұқсатынсыз басқа мекемелерге жіберіле алмайды. 8. ҚАЖ комитетінің нұсқауларын (нарядтарын) ҚАЖ комитетінің арнайы есепке алу бөлімі дайындайды және ҚАЖ-дың аумақтық органдарына орындау үшін жолданады. 9. Нұсқауларға (нарядтарға): 1) ҚАЖ комитетінің төрағасы (немесе оның міндетін атқарушы адам); 2) ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасарлары қол қояды. 10. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан аса мерзімге сотталған адамдар, түрмеде жазасын өтей отырып, қылмыстың қауіпті қайталануы, сондай-ақ өлім жазасы туралы үкімі мароторий енгізгенге дейін күшіне енген немесе өлім жазасын орындағанға дейін мараторидің әрекеті кезінде адамдар толық қауіпсіз мекемелерге жіберіледі. 11. Сотталғандар толық, орташа қауіпсіз және барынша қауіпсіз мекемелерден қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге әлеуметтік пайдалы байланыстарды ұстану үшін қажетті жағдайларды ескере отырып, ҚАЖ комитетінің нұсқаулары негізінде жіберіледі. 12. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзған жағдайда сотталғандар олар келген мекемеге жіберіледі. 13. Қылмыстың қауіпті қайталануы, өмір бойына бас бостандығынан айыруға, өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылған жазаларын толық қауіпсіз мекемеде өтеуге сотталғандар, сотталған әйелдер, кәмелетке толмаған сотталғандар тиісті мекемелердің орналасқан жері бойынша жазасын өтеу үшін жіберіледі. 14. Теріс мінезделетін кәмелетке толмаған және жазаны өтеу кезеңінде он сегіз жасқа толған сотталғандар сот қаулысына сәйкес кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден олар бекітуге сәйкес тиісті режим түріндегі мекемеге одан әрі жіберу үшін келген қауіпсіздігі аралас мекемеге жіберіледі. Он сегіз жасқа толған бас бостандығынан айыруға сотталғандар олардың келісімімен, бірақ олар жиырма жасқа толғанға дейін ғана мекемеде қалдырылуы мүмкін. Он сегіз жасқа толған бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мекемеде қалдыру туралы шешімді мекеме бастығының ұсынымы негізінде сот қабылдайды. 15. Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қауіпсіздігі аралас мекеме әкімшілігі күнтізбелік он күннен кешіктірмей заңды күшіне енген үкімді орындау туралы сот өкімін алған күннен бастап жібереді. 16. Қауіпсіздігі аралас мекеме әкімшілігі екі жұмыс күні ішінде сотталғанның таңдауы бойынша жұбайына (зайыбына) не туысқандарының біріне не өзге адамға оны жазасын өтеу үшін қайда жіберілетіні туралы жазбаша хабарлама жіберуге міндетті. 17. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны өтеудің бір орнынан екіншісіне айдауылмен ауыстырылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 26 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9759 болып енгізілді.